⸺Қазақстан туралы⸺
Негізгі фактілер
Қазақстан Республикасы – Солтүстік және Орталық Еуразиядағы теңізге шыға алмайтын ірі мемлекет. Оның аумағы 2,7 млн км2-ден асады және бүкіл Батыс Еуропа аумағынан үлкен.
Қазақстан – табиғи ресурстарға бай мемлекет. Оларға әлемдегі барланған жалпы мұнай қорының шамамен 1,8%-ы кіреді. Елдің шамамен 62%-ын Үкімет мұнай мен газды барлау және өндіру блоктарына бөлді. Қазіргі уақытта 172 мұнай кен орны бар, оның 80-нен астамы игерілуде.
Қазақстан Ресеймен, Қытаймен, Қырғызстанмен, Өзбекстанмен және Түркіменстанмен шектеседі және Каспий теңізінде жағалау сызығы бар. Халық саны шамамен 17,9 млн (2017 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша).
- Елордасы – Астана (халық саны шамамен 1,0 млн.).
- Ең үлкен қаласы – Алматы (халық саны шамамен 1,7 млн.).
- Этникалық құрамы жағынан әлемдегі ең алуан елдердің бірі.
- Қала/ауылдағы жұмыспен қамту – тиісінше шамамен 53% және 47%.
- Жан басына шаққандағы ЖІӨ – 2015 жылы 10 510 АҚШ доллары.
- Мұнай мен газ қоры – дүние жүзіндегі жалпы қорының шамамен 1,8%.
- Жер көлемі бойынша дүние жүзіндегі тоғызыншы мемлекет.
- ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұрасының бес нысаны орналасқан.
- 1991 жылы тәуелсіздік алғаннан бері тұрақты экономикалық өсу және саяси тұрақтылық.
- ЕАЭО құрылтайшысы.
- 2015 жылға дейінгі он жыл ішінде 200 миллиард доллардан астам шетелдік инвестиция.